РАСПИСАНИЕ ВРАЧЕЙ
г. Астана, пр. Туран, 32+ 7 (7172) 70 14 25, 70 14 26
Call Center+ 7 (7172) 70 20 70
Слайд 1 Слайд 2 Слайд 3 Слайд 4
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы
Конференциялар
Последние данные показали, что информация на тему печать на бирках не пользуется популярностью.

Конференциялар





Қадірлі достар, әріптестер мен серіктестер!

Сіздерге ұйымдастыру комитеті атынан сәлем беруге рұқсат етіңіздер!

«Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығы» АҚ-да 2013 жылдың 3 – 4 қазанында «Әйел мен бала денсаулығы аумағындағы инновациялық технологиялары» халықаралық қатысумен өтетін Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға шет елден келген практикалық дәрігерлер (акушер-гинекоолгтар, неонатологтар, педиатрлар мен балалар хирургтері), ғалымдар және спикерлермен қоса Қазақстан Республикасының әр түрлі аймақтарының 350 астам мамандары қатысты. Сол сияқты конференция жұмысында көрменің стендтерінде жаңа бағыттар мен өнімдерін (дәрілік заттарды, заманауи технологияларды, отандық және шетелдік өндірушілердің медициналық мақсаттағы бұйымдарын) ұсынған 17 фармацевтикалық компаниялар қатысты.
Конференцияның ғылыми бағдарламасында тақырыптардың кең көлемі талқыланды: перинатологиядағы инфекциялық проблемалар, шала туған балаларды күту, бала көтере алмау және мезгілінен ерте босану, жедел гинекология мәселелері, педиатриялық практикадағы инновациялық технологиялар, неонатологиялық және балалар хирургиясындағы өзекті мәселелер. Конференцияға әр түрлі елдердің профессорлары мен дәрігерлері қатысты: Германия, Франция, Ресей, АҚШ, Италия., Литва, Израиль және т.б. Конференция бағдарламасы шеңберінде «Гинекологиядағы метроррагия проблемаларын шешу жолдары», «Ерте жастағы балалардың тұқым қуалағыш жүйке-бұлшықеттік аурулары» тақырыптарында мастер-кластар және қынаптық кандидоз және кальпоскопия мәселелері бойынша сателитті симпозиум өткізілді.
Жыл сайын біздің Орталықта әйел мен бала денсаулығы мәселелері бойынша өткізілетін конференция әйел мен бала денсаулығы аумағындағы медициналық ғылымның даму жетістіктері мен келешегін талқылау мақсатында алыс және жақын шетел, Орта Азия елдерінің жетекші ғалымдары мен мамандарын біріктіруге шақырады.
Біздің конференцияға қатысушы мамандарға, және аталмыш шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен барлық демеушілерге үлкен алғысымызды білдіреміз!

 Ұйымдастыру комитетінің Төрайымы

Вощенкова Тамара Анатольевна

ізгі ниетпен


«Әйел мен бала денсаулығы аумағындағы инновациялық технологиялары» халықаралық қатысумен өтетін

Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының ҚАРАРЫ

Астана қ. 2013 жыл 03-04 қазан

 

Заманауи жағдайларда акушерлік-гинекологиялық, педиатриялық және балалар хирургиялық қызметі алдында әйел мен бала денсаулығын нығайтуға бағытталған  мемлекеттік саясаттың басты принциптерін әрі қарай жүзеге асыру бойынша жауапты және маңызды міндет тұр. Заманауи технологиялардың көмегімен көрсеткіштерді қолдана отырып, демографиялық проблемаларға ықпал етуге және әйелдер мен балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға болады.
Перинаталды өлім-жітім талдауы қазіргі таңда перинаталды өлім-жітімнің негізгі себептерін ерте ескерту үшін бізге белсенділік жетіспейтіндігін көрсетеді, жетістіктің жалғыз тиімді жолы тәуекелді дер кезінде және дұрыс бағалау, диагностикалық және емдеу шараларының векторын дұрыс анықтау, босандырудың орны мен тактикасын анықтау. Акушерлік және перинаталды көмекті тиімді аймақтандыру, бейінді мекемелерде экстрагениталды патологиясы бар жүктілерді бақылау. Дәл осы стратегия көптеген еуропалық елдерде анықталған және біз де бірыңғай халықаралық практиканың бөлігі болуымыз қажет.
Конференцияның ғылыми бағдарламасында перинатология, әйелдердің репродуктивті денсаулығы және денсаулықтың басқа да онкология, балалардың зат алмасуының бұзушылығы, жүйке-бұлшықеттік патологиялар, аутоиммунды жағдайлар, хирургия проблемалары, урология, балалық жастағы ортопедия және т.б. әлеуметтік маңызды аспектілер бойынша проблемалардың кең көлемі талқыланды.
Талқылау барысында қазіргі кезде тез шешім қабылдауды қажет ететін әйелдің репродуктивті денсаулық проблемасы айқын болды. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, баяндамаларды талқылап, республикалық конференция қатысушылары келесі ұсыныстарды қабылдады:
1.    Республикада әйелдің репродуктивті денсаулығы бойынша бағдарлама, сәйкесінше бейінді мекемелерде тәуекелді ерте болжау, жүктілік пен босанудың асқынуларын ескерту және жоспарлы бақылау, бейінді стационарда экстрагениталды ауруларды емдеу қажет.
2.      Жоғары тәуекел тобындағы жүктілер мен босанатын әйелдерді бақылаудың жаңа технологияларын әрі қарай енгізу; шала туған нәрестелердің тиісті қарқынды терапиясын жүргізу.
3.     Заманауи әлемдік үрдістерді ескере отырып, нәрестелер және балалық жастағы хирургиядағы жоғары мамандандырылған медициналық көмекті дамыту, жаңа аз инвазивті, видеоэндоскопиялық технологияларды енгізу, анестезиологиялық және реаниматологиялық қызметті дамыту, біріккен Қазақстандық-Испандық реаниматологтар мектебін құру, практикалық денсаулық сақтауға ӨЖВ инновациялық әдістерін қолдану бойынша ғылыми жобаларды әзірлеу.
4.      Балалардың сирек жағдайларын диагностикалау және емдеу әдістерін, биологиялық және клеткалы терапия әдістерін дамыту.
5.      Онкологиялық патологиясы бар балаларға көрсетілетін медициналық көмекті жетілдіру.
6.      Халықаралық емдеу хаттамаларымен диагностикалау және терапия тәсілдемелерін стандарттау.
7.      Медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мәселелерінде сектор аралық және мекеме аралық өзара қатынастың тиімділігін арттыру.
8.      Ынтымақты жауапкершілік және өзін қорғаушы тәртіп бойынша ақпараттық-білім беру бағдарламалар жүйесін жетілдіру (БАҚ, Салауатты өмір салтын сақтау орталығы).

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ ҚҰРАМЫ

 

Төрағасы:

-     Вощенкова Тамара Анатольевна, «Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығы» АҚ Басқарма Төрайымы.

Қосарлас төраға:
Төраға орынбасарлары

-     Жақсыбаева Алтыншаш Хайруллақызы, м.ғ.д., «АБҰҒО» АҚ ғылым жөніндегі директоры.

-     Төлеутаев Ернас Тулеутайұлы, м.ғ.д., «АБҰҒО» АҚ медициналық директоры.

Жауапты хатшылар:

-     Бимұрзаева Айгүл Бейсенқызы - ғылым және ғылыми зерттеулер менеджменті бөлімінің жетекші маманы.

-     Ниязбекова Бағдагүл - ғылым және ғылыми зерттеулер менеджменті бөлімінің маманы.


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫСУМЕН ӨТЕТІН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ
КОНФЕРЕНЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫ
1-секция: Операцияны трансляциялаумен оперативті гинекология 

-          онкогинекология

-          инфильтративті эндометриозды хирургиялық емдеу

 

2-секция: Перинатология

-          перинатологияның инфекциялық проблемалары

-          шала туғандарды күту

-          бала көтере алмау және мезгілінен ерте босану

 

3-секция: Балалар хирургиясы

-          урологиядағы, жалпы хирургиядағы эндовидеохирургия

-          нәрестелер хирургиясы 

 

4-секция: Педиатрия

-          онкология (Химиотерапиядағы халықаралық стандарттар)

-          неврология (тұқым қуалағыш және генетикалық аурулар)

-          ревматология (ювенильді артрит)

-          орфанды аурулар (МПС)

 

Алдын ала жасалған бағдарламаны келесі сілтеме арқылы жүктей аласыз: Конференция бағдарламасы

Конференцияға байланысты барлық сұрақтар бойынша ғылым және ғылыми зерттеулер менеджменті бөлімінің басшысы, профессор Мұрзабекова Гүлнәр Сарқытқызымен 701410, 701425, 701426 (ішкі 1002) телефондары және [email protected] e-mail арқылы хабарласа аласыз.

Твитнуть
Нравится