ДӘРІГЕРЛЕР КЕСТЕСІ
Корпоративный фонд "University Medical Center" Демалыс күндері жұмыс істемейді
г. Астана, пр. Туран, 32Анықтама қызметі:
+ 7 (7172) 70 15 50, 70 15 70
      + 7 (7172) 70 20 70      
Слайд 1 Слайд 2 Слайд 3 Слайд 4
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы
Ретинопатия орталығы

Ретинопатия орталығы

            Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында 2011-2013 жылдары жұмыс істеген ғылыми жобаның щеңберінде, шала туылған балаларда кездесетін көз ауруы – ретинопатияны қадағалау және  емдеуді қолға алу  үшін скрининг, диагностикалау және уақытылы емдеудің (ақау кезеңдеріне дейін және ақау кезеңдерінде ) қажеттілігі дәлелденген болатын. Ғылыми жобаның нәтижесінде 2014 жылдың қыркүйек айында Ретинопатия орталығы ашылды. Жыл сайын Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында 500-600-ге жуық шала туылған бүлдіршіндерге  ретинопатия деген диагноз қойылады. Соңғы үш жылда біздің орталықта нәрестені соқырлықтан сақтап қалу емінің  бірден-бір түрі  әрі  «алтын стандарты» болып саналатын лазерлік коагуляция бойынша 230-ден аса ота жасалған.

Ретинопатия орталығының мақсаты – шала туылған балалардың соқырлыққа ұшырауына жол бермеу, ретинопатия анықталған  жағдайда оны емдеу және асқынудың алдын-алу. Аталмыш орталықта әрбір шала туылған нәрестеге 3-4 апта толғаннан кейін  оның  көру қабілетіне тексеру жүргізіледі. Мұнда диагностикаға қажет  арнайы құралдар бар және олардың  көмегімен нәресте көзінің көру қабілеті туралы ақпарат компьютерге түсіп тұрады.

Негізгі қызметтер:

Скрининг пен  РН диагностика (RetCamShuttle аппаратының және офтальмоскоп көмегімен).

Операциядан кейінгі кезеңдердегі бақылау (биомикроскопия, көз түбін тексеру, рефракцияны анықтау).

Шала туылған балаларды кешеуіл  кезеңде тексеру ( көру қабілеті функцияларын анықтау,  нейроофтальмологиялық өзгерістерді анықтау, көз құрылымын тексеру, көзәйнек таңдау және т.б.). 

Жаңа туылған балаларға наркоз беру арқылы офтальмологиялық тексеру жүргізу (бір күндік клиника) келесі процедуралар арқыды жасалады:

·        Биомикроскопия

·        Көз қысымын өлшеу

·        Гониоскопия

·        Циклоскопия

·        А – ультрадыбыстық  сканирование

Шала туған нәрестелер ретинопатиясы әлемдегі балалар соқырлығының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Бұл ауру тек шала туылған нәрестелерде ғана кездеседі. Яғни,  туа біткен дерт емес. Аталмыш ауру нақты бір кезеңге жеткен кезде емдеу қиынға соғады дейді мамандар. Сондықтан шала туылған нәрестелерді ата-аналары дер кезінде көз дәрігеріне көрсетуі керек.

     Қалыпты жүктілік 40 аптаға созылатыны белгілі, құрсақтағы шарананың көз құрылысы 28-40 апта аралығында дамиды. Егер жүктілік уақытында аяқталса, нәресте ешқашан ретинопатия ауруына шалдықпайды. Мерзімінен ерте туылған балалардың көз тамырлары дамып үлгермейді, сондықтан ретинопатияға ұшырау мүмкіндігі үлкен. Осы орайда  шала туылған нәрестелерді дер кезінде білікті көз дәрігеріне қаратудың маңыздылығы жоғары екенін ескеру қажет.


Твитнуть
Нравится
Наверх