ДӘРІГЕРЛЕР КЕСТЕСІ
Корпоративный фонд "University Medical Center" Демалыс күндері жұмыс істемейді
г. Астана, пр. Туран, 32Анықтама қызметі:
+ 7 (7172) 70 15 50, 70 15 70
      + 7 (7172) 70 20 70      
Слайд 1 Слайд 2 Слайд 3 Слайд 4
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы
Әйел денсаулығы орталығы

Әйел денсаулығы орталығы


«Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ негізінде Әйелдер денсаулығы орталығы қызмет жасайды. Мұнда  жоғары білікті мамандар қабылдап, жыныс жолдары мен сүт бездеріне ауруларын анықтайды, сапалы ем жүргізеді.

            Аталған орталықтың мақсаты  - әйелдер денсаулығын барынша жақсарту. Шеберліктерін ондаған жылдар бойы шыңдаған мамандар қауіпті топтағы (жатыр тыртығы, кері резус фактор, қағанақ суының көптігі, бірнеше ұрық) жүкті әйелдерді босандырып, жатыр миомасы кезінде жатырды сақтап қалу, сүт бездері мен жыныс мүшелеріне пластикалық ота жасау, несеп ұстамауды емдеу, климактериялық өзгерістерді емдеу, эндометриозды емдеу қызметтері көрсетіледі.

Сонымен қатар, Әйелдер денсаулығы орталығында  сүт безі мен  кіші жамбас мүшелерінің (жатыр, аналық безі) обырын алдын-ала анықтайды. Мұнда 18 жастан асқан кез-келген әйел Check-up (экспресс тексеру) заманауи жабдықтардың көмегімен тексеруден өте алады.  Осылайша, сүт бездері обырын алдын-ала болжап және алғашқы кезеңдерде анықтап, дер кезінде тиісті ем жасауға  болады. Check-up көмегімен анықталған нәтижелер екінші рет   диагностика жасауға АҚШ-тың Питтсбург қаласындағы медициналық орталыққа жіберіледі.

Сүт бездері тексерулеріне келесі қызметтер түрі кіреді:

·         Маммолог дәрігерінің консультациясы;

·         Сүт бездерінің ультрадыбыстық зерттеуі;

·         Маммография;

·         Биопсия.

Кіші жамбас мүшелерінің скринингіне келесі қызметтер түрі кіреді:

·         Гинеколог дәрігерінің консультациясы;

·         PAPP-тест;

·         кольпоскопия жүргізу;

·         Кіші жамбас мүшелерінің ультра дыбыстық зерттеуі;

·         Биопсия

·        Магнитті-резонансты томография.

«Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының» акушерлік-гинекология саласындағы мамандары 20 мен 40 жас аралығындағы әйелдерге жылына 2 рет гинеколог мамандарының қаралуға кеңес береді. Өйткені жыныс жолдары ауруларының көптеген түрі білінбейді.

Біз Сіздерді Астана қаласы, Тұран к-сі 32 «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ-да күтеміз.

 Әйелдер денсаулығы орталығының байланыс нөмірлері - 70 44 99; ұялы телефон (9.00-17.00-ге дейін хабарласыңыз) +7701-609-01-59.

 


 



Твитнуть
Нравится
Наверх