ДӘРІГЕРЛЕР КЕСТЕСІ
Корпоративный фонд "University Medical Center" Демалыс күндері жұмыс істемейді
г. Астана, пр. Туран, 32Анықтама қызметі:
+ 7 (7172) 70 15 50, 70 15 70
      + 7 (7172) 70 20 70      
Слайд 1 Слайд 2 Слайд 3 Слайд 4
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы
Біліп жүріңіз

Біліп жүріңіз

«Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығы» АҚ (бұдан әрі - АБҰҒО) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандығы № 2136 Қаулысына (2010.15.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) сәйкес жоғары мамандандырылған тегін медициналық көмек көрсетеді. 

«АБҰҒО» АҚ-ның стационарына науқастарды жатқызу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 342 «Жоғары мамандандырылған медициналық көмек тізімін бекіту туралы» бұйрығына (2008 жылғы 2 қыркүйектегі жағдай бойынша  өзгерістер мен толықтырулармен) сәйкес жүзеге асырылады.

Аталмыш бұйрыққа сәйкес: «жоғары мамандандырылған медициналық көмек - емдеу мен диагностикалаудың ерекше қиын тәсілдерін талап ететін, сондай-ақ озық медициналық технологияларды пайдаланатын аурулары бар азаматтарға медициналық ұйымдар көрсететін медициналық көмек.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша АБҰҒО-да госпитализация үшін азаматтарға мекен-жай бойынша емдеуші дәрігерге бару қажет, одан кейін АБҰҒО-на емделуге жолдама беру «Госпитализация бюросы» Порталын пайдалана отырып, Госпитализация коды (квота) азаматтарға берілетін жоғары мамандандырылған медициналық көмек бойынша Аймақтық комиссиясы жүзеге асырады. 

АБҰҒО-на госпитализациялау барысында келесі құжаттар түрлері болуы қажет:

  1. «Госпитализация бюросы» Порталының коды (квота),   жоғары мамандандырылған медициналық көмек бойынша Аймақтық комиссиясы жолдамасының түп нұсқасы;
  2. Құжат, жеке куәлік (жеке куәлік/паспорт/туу туралы куәлік);
  3. Зертханалық/клиникалық зерттеулер/ эпидемиялық қоғам нәтижелерін қоса алғанда медициналық құжаттардан анық үзінді.

Қосымша ақпараттарды анықтамалық телефондар арқылы ала аласыздар: 8 (7172) 70 14 30 (акушерлік-гинекологиялық қабылдау-диагностикалық бөлімше), 70 14 20 (педиатриялық қабылдау-диагностикалық бөлімше).


Стационар емделушілерінің  назарына

НАУҚАСТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ

Процедура:

1. Пациент қабылдау бөліміне түсіп, науқасты тіркегеннен кейін  мейірбике стационар пациентінің  қолына ақ түсті идентификациялау білезігін бекітеді:

a) тегі, аты-жөні  (толығымен);

b) күні, айы және жылы;

2. Идентификация емдеу-диагностикалау процедураларын орындау алдында міндетті түрде жасалады ( жаңа туылған нәрестелерді тамақтандыру, емдеу тағайындау, зерттеуге материал алу, қан мен оның компоненттерін құю, инъекция, пункция, таңу, операция).

3. Мейірбике  немесе басқа қызметкерлер процедура жасар алдында Идентификацияны келесі жолмен жүргізгенін қадағалаңыз:

a) ауызша сауалнама – емделушінің аты-жөні, туылған күні;

b) білезіктегі мәліметтерге сәйкестігін тексеру;

c) медициналық құжаттарға сай болуын тексеру;

4. Дәрі-дәрмектерді инфузиялық жолмен енгізу кезінде шприцтар мен флакондарда келесі мәліметтер жазылған қағазға назар аударыңыз:

a) тегі, аты-жөні  (толығымен);

b) күні, айы және жылы;

с) дайындалу мерзімі.

5. Егер де Сізде аллергия пайда болса, мейірбикеге сіздің білезігіңізді бейджге ауыстырып беруін сұраңыз. Индентификациялық білегіңіз немесе бейджіңізді үнемі тағып жүріңіз, жоғалтып алмаңыз. Медициналық қызметерлер сізден кез-келген уақытта оны сұрай алады.

6. Егер де қандай да бір жағдайда индентификациялық білезігіңізді жоғалтып немесе бұзып алсаңыз бөлімше мейірбикесі қабылдау бөліміне идентификациялық білезіктің көшімесіне тапсырыс береді. Егер де емделушінің өзімен бірге білезігі болмаған жағдайда ауызша түрде аты-жөні мен туылған күні сұралып медициналық құжаттарға сәйкестігі тексеріледі.

7. Емделуші орталықтан емін алып шығарылған кезде бөлімше мейірбикесі пациенттің қолындағы білезікті шешіп алады.


КҮН ТӘРТІБІ

6.30-7.30

Тұру, дене температурасын өлшеу, гигиеналық процедуралар, дәрі-дәрмек  қабылдау, анализ тапсыру

7.30-8.00

Дәрігер тағайындауын орындау

8.30-9.00

Таңғы ас

9.00-11.00

Дәрігердің тексерісі, процедуралар мен зерттеулер

11.00-11.15

Екінші таңғы ас

11.15-12.30

Дәрі-дәрмек және инъекция қабылдау, таңу

13.00-14.00

Түскі ас

14.00-15.00

Дәрігерлермен сөйлесу

14.00-16.00

Тыныс сағаты

 

16.05-17.00

Дене температурасын өлшеу, гигиеналық процедуралар.Түстік

17.00-20.00

Туыстармен кездесу

18.10-18.50

Дәрігер тағайындауын орындау

19.00-19.30

Кешкі ас

19.40-21.30

Дәрігер тағайындауын орындау

22.00

Ұйықтау

*Күн тәртібі бөлімшенің ерекшелігіне қарай өзреге алады.

Сенбі,Жексенбі : 11.00-13.00; 17.00-20.00 – туыстармен кездесу.

Твитнуть
Нравится
Наверх