ДӘРІГЕРЛЕР КЕСТЕСІ
Корпоративный фонд "University Medical Center" Демалыс күндері жұмыс істемейді
г. Астана, пр. Туран, 32Анықтама қызметі:
+ 7 (7172) 70 15 50, 70 15 70
      + 7 (7172) 70 20 70      
Слайд 1 Слайд 2 Слайд 3 Слайд 4
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы
Халықаралық қызмет

Халықаралық қызмет

  «Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығы» АҚ қызметінің басты бағыттарының бірі  халықаралық қызмет болып табылады. Халықаралық ынтымақтастық саласындағы жұмыстардың негізгі бағыттары:
1. Денсаулық   сақтау   саласында   ақпарат   алмасу,   «АБҰҒО»  АҚ   базасында   заманауи   ғылыми   медициналық технологияларды үйрену және енгізу мақсатында озық шетел клиникаларымен, медициналық ғылыми мекемелерімен, кәсіби қауымдастықтар және басқа ұйымдармен ынтымақтастық.
2. Акушерия-гинекология, педиатрия, неонатология және т.б. салаларда тәжірибе алмасу мақсатында қызметкерлерді шет елге жіберуді және шетел мамандарын қабылдауды ұйымдастыру; ТМД және шет елдеріндегі халықаралық оқыту семинарлары мен конференцияларға қатысу.

«АБҰҒО» АҚ белсенді түрде көптеген шетел медициналық мекемелерімен, халықаралық және ұлттық ұйымдарымен қарым-қатынасын  дамытуда. Олардың ішінде: Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы (WHO), БҰҰ Балалар Қоры өкілдігі (ЮНИСЕФ) және тағы басқа.

    Әр түрлі мақсаттармен, сонымен қатар танысу, қарым-қатынас орнату, келіссөздер өткізу үшін біздің орталыққа Министрліктер, мекемелер және басқа да шетелдің мемлекеттік құрылымдар деңгейін ұсынатын шетел делегациясы, сондай-ақ медициналық, ғылыми және оқу орындарының, халықаралық ұйымдардың, қоғамдардың, медициналық жабдықтар мен препараттар өндіріс фирмаларының өкілдері және т.б. келеді. Жыл сайын «АБҰҒО» АҚ базасында халықаралық қатысумен ірі ғылыми және білім беру іс-шаралары: конференциялар, семинарлар, тренингтер, жазғы мектептер, дөңгелек үстелдер, мәжілістер, мастер-кластар өткізіледі. Орталық Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарына профилактикалық және емдеу-диагностикалық қызметтерді ұсынуға қатысты дипломатиялық миссиялармен және өкілдіктермен тығыз ынтымақтастық жасауда.

    Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы әлем мойындаған алдыңғы қатарлы медициналық орталықтармен тығыз жұмыс жасайды. Дәлірек айтсақ, «University of Pittsburgh Medical Center» ( Питтсбург қ-сы, АҚШ); «Great Ormond Street Hospital» (Лондон қ-сы, Ұлыбритания); «Фрайбурга университеттік клиникасы»  (Фрайбург қ-сы, Германия);  «Addenbrooks Hospital», Cambridge Medical School, Cambridge University (г.Кембридж, Ұлыбритания); Н.Н.Петров атындағы   онкология  ҰҒИ  (Санкт-Петербург қ-сы, Ресей); «Шарите» клиникасы (Берлин қ-сы, Германия); «Халықаралық эндоскопиялық хирургия орталығы» (Клермон-Ферран қ-сы, Франция); «Халықаралық медициналық әріптестік орталығы» (Токио қ-сы, Жапония); «Severance» емханасы,  «Сеул университетінің емханасы» (Сеул қ-сы, Оңтүстік Корея); «Шемер» Медициналық орталығы  (Хайфа қ-сы, Израиль); «Грац медициналық университеті» (Грац қ-сы, Австрия); «Fortis Healthcare Limited» емханасы  (Дели қ-сы, Индия).

Твитнуть
Нравится
Наверх