ДӘРІГЕРЛЕР КЕСТЕСІ
Корпоративный фонд "University Medical Center" Демалыс күндері жұмыс істемейді
г. Астана, пр. Туран, 32Анықтама қызметі:
+ 7 (7172) 70 15 50, 70 15 70
      + 7 (7172) 70 20 70      
Слайд 1 Слайд 2 Слайд 3 Слайд 4
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы
Ғылыми жұмыс

Ғылыми жұмыс

Әйел мен бала денсаулығын қорғау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Соңғы жылдары туып көбеюшіліктің артуы, сонымен қатар аналар мен нәрестелер өлім-жітімінің төмендеуі байқалады.
Акушериядағы, гинекологиядағы, педиатриядағы және балалар хирургиясындағы жоғары технологиялық көмектің дамуы маңызды бағыт болып табылады.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2015 жылы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын және Қазақстанның «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді даму стратегиясын жүзеге асыру біздің мемлекетімізді, медицинамызды, аналық пен балалықты жетілдіруге мүмкіндік береді. Ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмек қолжетімді және сапалы болуы қажет.
Ғылымның жаңа жетістіктері мен тәжірибелері ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмекті жақсартуға үлкен үлес әкеледі.

Негізгі стратегиялық бағыттар:

·  Ұрық медицинасы
·  Әйел денсаулығы
·  Пациенттің перифериялық қанынан бөлінген аутологиялық дің жасушалары имплантациясын биотехнология арқылы өмір мен сауығу сапасын жақсарту үшін клеткалы терапияны әзірлеу (эксперимент ретінде клиникалық негіздеме)
·  Сегізкөз-құймышақтық аумағындағы иннервацияның және кіші жамбас мүшелерінің бұзушылықтары бар балаларды диагностикалаудағы, хирургиялық емдеудегі және оңалтудағы проблемаларды шешудің комплексті тәсілі
·  Туа біткен жұлын дамуының кемістіктері кезіндегі уродинамиканың ауыр бұзушылықтары бар балаларды емдеу тиімділігін арттыру, инновациялық, диагностикалық және емдеу-оңалту технологияларын әзірлеу және енгізу
·  Балалар омыртқасының бел-сегізкөздік бөлігіндегі туа біткен ақаулықтарын хирургиялық түзетулердің озық тәжірибелерін енгізу
·  Омыртқаның бел-сегізкөздік бөлігінде дамудың туа біткен ақаулықтары бар балаларға операциялық араласу кезінде нейронавигациялық жүйелерді пайдалану
· Балалардың зат алмасудың тұқым қуалағыш аурулары және жүйке-бұлшықеттік аурулары кезіндегі бұзушылық механизмдерін іздестіру және «Гендік ақуыз метаболит» жүйесіндегі генетикалық факторларды зерттеу және олардың ерте диагностикасын әзірлеу
·  Жетілу дәрежесі мен жүйке жүйесінің созылмалдылығын анықтау арқылы шала туған балалардың ерте когнитивті, қозғалыс, сенситивті бұзушылықтарын түзету әдістерін жетілдіру
·  Қазақстан Республикасында аналар мен нәрестелер өлім-жітімін төмендету Мемлекеттік бағдарламасы тұрғысынан ана мен бала денсаулығын қорғауды жетілдіру ғылыми негізделген бағдарламасын әзірлеу.

 

Орталық бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орындалатын ғылыми-техникалық жобалар:

1.     «Ұрық қабықшасының мезгілінен бұрын жарылуы кезіндегі амниоинфузия тиімділігін бағалау». Жүзеге асыру мерзімі: 2013-2015 жж.
2.     «Туа біткен және тұқым қуалайтын патологиядан нәрестелер өлім-жітімін төмендетудің болжамалы үлгісі». Жүзеге асыру мерзімі: 2013-2015 жж.

Аяқталған ғылыми-техникалық жобалар:

1.      «Шала туған балалардың жүйке-психикалық дамуы бұзылыстарының онтогенезіндегі нейрональді созылмалдылық». Жүзеге асыру мерзімі 2011-2013 жж

2.      «Репродуктивтік және балалар өлім-жітімін төмендетудің басым фето-инфантты технологиялары». Жүзеге асыру мерзімі: 2011-2013 жж.

3.      «Феталды тамырішілік порт жүйесі арқылы амин қышқылы мен глюкоза енгізумен ұрықтың құрсақ ішіндегі дамуының тежелуін емдеу». Жүзеге асыру мерзімі: 2011-2014 жж.

4.      «Гендік ақуыз метаболит» жүйесінде генетикалық факторларды зерттеу арқылы тұқым қуалайтын аурулардың ерте диагностикасын жақсарту». Жүзеге асыру мерзімі: 2011-2014 жж.

5.      «Тұрғындардың кейбір топтарының пренатальды генетикалық паспорты». Жүзеге асыру мерзімі: 2012-2014 жж.

Ғылыми зерттеулер менеджементі бөлімі қызметкерлерінің тізімі:

1.      Жақсыбаева Алтыншаш Хайруллақызы – «Ана мен бала» ҰҒО стратегиялық дамыту жөніндегі директоры, Басқарма мүшесі, м.ғ.д., Ғылыми кеңестің төрайымы.

2.      Жаманева Күләш Базаровна – ғылыми хатшы, м.ғ.д.

3.      Бапаева Гаури Биллаханқызы - Ғылыми зерттеулер менеджементі бөлімінің жетекшісі, м.ғ.д., профессор.

4.      Мырзабекова Гүлнар Сарқытқызы – бас ғылыми қызметкер, м.ғ.д., профессор.

5.      Чувакова Тамара Құрманғалиқызы - бас ғылыми қызметкер, м.ғ.д., профессор.

6.      Майлыбаев Бақытжан Мұратұлы - бас ғылыми қызметкер, м.ғ.д., профессор.

7.      Нұрмағамбетова Бағила Құралбаевна - бас ғылыми қызметкер, м.ғ.к.

8.      Мергенбаева Эльмира – жетекші маман.


Орталық Ғылыми Кеңесінің Төрайымы – Жақсыбаева Алтыншаш Хайруллақызы, м.ғ.д.

 

Біздің стратегия жаңа білім алу, әдістемелер, ұсыныстар, аспаптар, технологиялар дайындау және тәжірибелік әрекетте оларды қолдану мақсатында ғылыми зерттеулердің сапасын жоғарлатуға бағытталған.
Біздің стратегиямыздың мақсаты ана мен бала денсаулығын қорғау проблемасы бойынша жетекші ғылыми-зерттеу орталықтардың бірі ретінде «АБҰҒО» АҚ жайғастыру болып табылады.
Белгіленген мақсаттарға жету және қойылған міндеттерді шешу зерттеу жұмыстарының жүйесін жетілдіруге, жинап-терген отандық және шетелдік тәжірибені пайдалануға негізделеді.
Сапаны анықтау критерийлері және ғылыми зерттеу тиімділігі: жаңа талаптардан алынған ғылыми нәтижелер, ғылыми және практикалық маңыздылық, объективтілік, дәлелділік және нақтылық сәйкестігі; зерттеу нәтижелерін практикалық қодану; рецензияланған ғылыми басылымдардағы, сонымен қатар шетелдік ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялау; ғылыми және ғылыми-практикалық сонымен қатар халықаралық конференцияларға зерттеу нәтижелерін ұсыну болып табылады.
ҚР Білім және ғылым министрлігімен өткізілетін Медициналық ғылыми ұйымдардың Ұлттық рейтингісіне сәйкес «Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығы» АҚ (бұдан әрі – «АБҰҒО» АҚ) Қазақстан Республикасының медициналық ғылыми ұйымдарының ішінде жалпы есепке алғанда екінші орында.

Твитнуть
Нравится
Наверх