ДӘРІГЕРЛЕР КЕСТЕСІ
Корпоративный фонд "University Medical Center" Демалыс күндері жұмыс істемейді
г. Астана, пр. Туран, 32Анықтама қызметі:
+ 7 (7172) 70 15 50, 70 15 70
      + 7 (7172) 70 20 70      
Слайд 1 Слайд 2 Слайд 3 Слайд 4
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы
№1 онкология бөлімшесі

№1 онкология бөлімшесі

№1 онкология бөлімінде "Бюро госпитализациясының" коды болған жағдайда  бюджеттік негізде емделу жүзеге асырылады

  №1 онкология бөлімшесі 50 жатын орынға есептелген, оның құрамындағы  6 кереует жілік майын ауыстырылатын науқастарға арналған. Бөлімшедегі  барлық палаталар екі орындық, жуынатын бөлме, теледидар және киім ілетін орындармен жабдықталған. Сонымен бірге, мектеп сабақтарын өткізуге арналған оқу класстары бар. Бөлім жоғары білікті медициналық мамандармен қамтамасыз етілген, 8 онкогематолог, 1 анестезиолог-реаниматолог, 1 трансфузиолог және бөлім меңгерушісі бар. Ауруханадағы науқастарды АҚШ, Түркия, Литвада мемлекеттерінде оқыған білікті мейірбикелер науқастарды күтіп, бағады. Сонымен қатар,аталған бөлімшенің  штатында пациенттермен және олардың ата-аналарымен белсенді жұмыс жүргізетін психолог жұмыс жасайды. Сонымен қатар, науқас балалар оқу үрдісін ұйымдастыратын 2 педагог-тәрбиешінің бақылауында болады.

 №1 онкология бөлімшесіне келесі диагнозы бар балалар жатқызылады:

·         Жедел лимфобласты лейкоз; 

·         Жедел  миелобласты лейкоз; 

·         Миелодиспластикалық синдром;

·         Апластикалық анемия;

·         Қатерлі гистиоцитоз;

·         Идиопатиялық тромбоцитопеникалық пурпура (резистенті түрілері);

·         Парциалды қызыл жасушалы анемия;

·         Гемофилия;

·         Көптеген орфанды аурулар (Гоше ауруы, бастапқы иммунодефициттер және т.б.)

 

Баланы онкология бөліміне жатқызу алдында ата-анасы төмендегі құжаттар мен тексеру нәтижелерін тапсыру керек:

 

·         Облыстың денсаулық сақтау басқармасы арқылы ауруханаға Бюро госпитализациясының  коды бойынша ауруханаға жатқызу жолдамасы;

·         пациенттің ата-анасының біреуінің куәлігі және пациенттің туу туралы куәлігі;

·         амбулаториялық картадан көшірме, зерттеулердің мерзімі 10 күннен кем болмауы керек: жалпы қан талдауы, жалпы несеп талдауы, қанның биохимиялық талдауы: АЛТ, АСТ, жалпы билирубин, СРБ; құрт/жұмыртқаға нәжіс талдауы, егер бала 2 жасқа дейін болса патологиялық флора талдауы;

·         вирусты гепатиттерге ВГВ, ВГС, АИТВ   ИФА әдісімен талдау.

·         эпидемиологиялық орта туралы анықтама (берілген күннен бастап 3 күнге жарақты);

·         бала кезінде ауырған жұқпалы аурулары туралы мәлімет берілген амбулаториялық картадан көшірме және жүргізілген екпелерін есепке алу парағының көшірмесі.

Бағып-күтетін тұлға үшін (баламен жатқызылған жағдайда):

·         Флюорография;

·         патологиялық флора талдауы;

·         Микро-реакцияға қан талдауы;

·         вирусты гепатиттерге ВГВ, ВГС, АИТВ   ИФА әдісімен талдау;

·         гельминттерге талдау;

·         жуткыншактан алынатын Стафилококк нәтижесі;

 

Бөлімнің байланыс телефоны: 8/7172/ 70 45 56 

Бөлімшенің меңгерушісі 


Нұрғалиев Дайыр Жұбанышұлы,  медицина ғылымдарының докторы, жоғары санаттағы гематолог дәрігер 

           Тел: 8-701-732-23-75 

      жұмыс нөмірі - 70-45-78 

E-mail: [email protected]

Бөлімшенің аға мейірбикесі


Мазуркевич Нина Алексеевна, бірінші санаттағы мейірбике, еңбек өтілі: 10 жыл

E-mail: Nina.Mazurkevich@nmh


Қыздарбекова Забира Нұрахметқызы -  онкогематолог  дәрігер


Өмірбекова Балжан Болатқызы - онкогематолог  дәрігер


Әбілева Әсемгүл  Болатқызы - онкогематолог  дәрігер  


Досболғанова Әйгерім Халиқызы -  онкогематолог  дәрігер


Омарова Гүлнар  Ербосынқызы - онкогематолог  дәрігер  


Степанова Елена Юрьевна - онкогематолог  дәрігер  


Көпеева Салтанат Рашидқызы -трансфузиолог  дәрігер


Тастанбекова Венера Болатқызы -онкогематолог  дәрігер 

 Мамирова Севара Серікқызы -врач онкогематолог


Айдарбеков Талғат ЕділұлыЭдилович - врачанестезиолог-реаниматолог дәрігер


Конкина Қорлан Аманжолқызы - психолог  


№1 онкология бөлімшесінің қызметкерлері

Байланыс нөмірі: 8-71-72-70-45-56 





Твитнуть
Нравится
Наверх