ДӘРІГЕРЛЕР КЕСТЕСІ
Корпоративный фонд "University Medical Center" Демалыс күндері жұмыс істемейді
г. Астана, пр. Туран, 32Анықтама қызметі:
+ 7 (7172) 70 15 50, 70 15 70
      + 7 (7172) 70 20 70      
Слайд 1 Слайд 2 Слайд 3 Слайд 4
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы
Кіші инвазиялы хирургия

Кіші инвазиялы хирургия

«Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ-да ақпан айының 2-ші жұлдызынан бастап 30 орынға есептелген кіші инвазивті бөлімшесі ашылды. Тыныс жолдары органдары, жақ-сүйек аумағы, кеуде клеткасы, ішек қуысы, ішперделік кеңістікте кемістік анықталған науқастарға аталған бөлімшеде хирургиялық жоғарымамандырылған медициналық көмек көрсетіледі.

Жаңадан ашылған бөлімшенің негізгі қызметі – емдеудің аз инвазиялық тәсілдерін дамыту.

 

Клиникалық қызметі

 

Біздің бөлімшеміздің мамандары Сіздің перзентіңізге келесі арулар анықталған жағдайда көмек көрсете алады:

1.     Аденоидты бадамша безінің созылмалы аурулары

2.     Дауыс іркістері мен көмей аурулары

3.     Ортаңғы құлақ холеастомасы

4.     Дабыл жарғағының перфорациясы

5.     Кондуктивті нейросенсорлық құлақ мүкістігі

6.     Ауыз бен жұтқыншақтың қатерсіз өспелері

7.     Ортаңғы құлақтың қатерсіз өспелері

8.     Мұрынның туа біткен ақауы

9.     Жоғарғы еріннің қоянжырығы

10.                        Жырық таңдай

11.                       Жақ-бет аумағының қатерсіз өспелері

12.                       Гемангиомы  любой локализации

13.                       Лимфангиомы любой локализации

14.                       Кеуде клеткасы мен ішек-қуыс органдарының эхинококкозы

15.                       Кеуде клеткасының ісіктері мен сарысуы

16.                       Бронхоэктатикалық  ауру

17.                       Алдыңғы құрсақ қабырғасының жарығы

18.                       Диафрагмалық жарық, өңештің диафрагмалық жарығы

 

Аталған бөлімшеде ауруды анықтап, науқасты отаға дайындау барысында диагностикалық және лабораториялық зерттеулердің барлық түрлері жасалады. Сонымен қатар, мұндай тексерулер отандан кейін де жүргізіледі. Дәрігерлердің нұсқауы бойынша пациенттерге рентген, ультрадыбыстық тексерулер (тамырдың қажетті аумағына доплерография жасау қарастырылады), компьютерлік томография, магнитті-резонансты томография, ангиография және тексеру түрлері жасалады.

 

Бөлімшеде заманауи инновациялық технологиялар кеңінен пайдаланылады:

1)    Кіші инвазивті эндовидеохирургия (шап жарығы, бауыр мен өкпе эхиноккозы, холедох жылауығы, диафрагмалық жарығы мен диагфрагманың өңештік аумағының жарығы, кеуде клеткасы мен ішек қуысының жылауықтары мен өспелеріне эндовидеохирургиялық ота жасау);

2)    Есту қабілетін жақсартуға арналған оталар – дабыл қуысын ұштастыру,  тимпанопластика, нейросенсорлы құлақ кемістігі кезінде кохлеарлы имплантация;

3)    Көмейдің тарылуы мен көмейдің қатерсіз өспелеріне кіші инвазивті оталар жасау;

4)    Бет-жақ аумақтарының кемістігіне пластикалық ота жасау.

Бөлімше қызметкерлері

 

 

Мұстафинов Дулат Ахметқалиұлы

Бөлімше меңгерушісі, жоғары санатты балалар хирургі.

Байланыс: [email protected], Тел: 8 (7172) 701451 (ішкі 2872).

 

 

 

 

Мамлин Омар Асқарұлы

Кіші инвазивті хирургия бөлімшесінің дәрігер ординаторы, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты балалар хирургі.

Байланыс: [email protected], Тел: 8 (7172) 701451, 701447.

 

БекпанАлматЖақсылықұлы

Кіші инвазивті хирургия бөлімшесінің дәрігер ординаторы, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты  ЛОР дәрігер.

Байланыс: [email protected], Тел: 8 (7172) 701451 (ішкі 2872)

СяТунЧинРусланВладимирұлы

Кіші инвазивті хирургия бөлімшесінің дәрігер ординаторы, бірінші санатты жақ-бет хирургі.

Байланыс: [email protected]Тел: 8 (7172) 701451 (ішкі 2810)

 

 

ҚожамжаровҚанағатҚұрбанұлы

Кіші инвазивті хирургия бөлімшесінің дәрігер ординаторы, бірінші санатты жақ-бет хирургі.

 Байланыс: [email protected]Тел: 8 (7172) 701451 (ішкі 2810)

 

 

 

 

Твитнуть
Нравится
Наверх